Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде 700-ден астам ереже бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 422 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілсе, тағы ереже бұзған 286 адамның нәтижесі жойылды. Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70 пайызы шекті баллды жинаған. Орташа көрсеткіш – 66 балл. Ал ең жоғары нәтиже – 140 балл. Айта кетейік, ҰБТ аяқталғаннан кейін бейнежазбаларға 31 қазанға дейін талдау жүргізіледі. Ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда тест нәтижелері автоматты түрде жойылады.