Абай облысында заңсыз алтын өндіру дерегі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті прокуратурамен бірлесіп, Жарма ауданында жедел шаралар жүргізді. Нәтижесінде заңсыз барлау және қазба жұмыстары жүрген үш орын белгілі болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, заңсыз өндіріс салдарынан жердің үстіңгі қабаты бүлініп, құнарлы топырақ толықтай жойылған. Қазір оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталып жатыр.