Бүгін Қазақстан Парламенті үшін тарихи кезең аяқталды. Сенаттың қолданыстағы Конституция аясындағы соңғы отырысы өтті. Ертең палаталардың бірлескен жиынында кезекті сессия ресми жабылып, 1 шілдеден бастап елдің жаңа Конституциясы күшіне енеді. Осылайша, 30 жыл бойы қызмет еткен қос палаталы Парламенттің өкілеттігі тоқтайды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, осы уақыт ішінде Сенат 890 пленарлық отырыс өткізіп, 3 жарым мыңнан астам заң қабылдаған. Алдағы бір ай ішінде Президент жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауын жариялап, ол екі ай ішінде өтуі тиіс. Елдің заң шығару жүйесі енді жаңа форматта жұмысын жалғастырады.