Түркістан облысындағы жол бойында адам сүйектері шашылып жатыр. Әкімдікке талай рет айтқанымен қайыр болмады деген тұрғындар, сыртқа шығып қалған адам қаңқаларын көруге де көз үйренді дейді. Ал әкімдік сөзінше адам мүрделері Төле би ауданындағы құрылыс жұмыстары кезінде шығып қалған. Тексеруге барып, ешқандай сүйек таппадық деген жауаптылар анықтау жұмыстарына енді кіріспек. Сөздерінше, бұл ашаршылықта ажал құшқандардың мүрделері болуы мүмкін.