Түркістан
EN

ҰБТ ға дайындаймын деп 32 адамды алдаған

22
29.06.2026

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындап, жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беремін деп 32 ата-ананы тақырға отырғызған күдікті елімізге экстрадицияланды. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполдың көмегімен бірлесе жүргізген арнайы операция сәтті аяқталып, қашқын Албаниядан Қазақстанға жеткізілді. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, күдікті екі жыл бойы интернет ресурстары арқылы ҰБТ-ға кепілді дайындық туралы жалған жарнама таратып, сенімге кірген. Салдарынан ата-аналар жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам қаржысынан айырылып, сан соғып қалған еді. Қылмысы әшкереленген соң шетел асып, халықаралық іздеуде жүрген күдікті былтыр мамырда Албанияда ұсталып, бүгін тергеу изоляторына тоғытылды. Енді оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.