Апат айтып келмейді. Алматы облысында қолайсыз ауа райынан ағаш құлап, екі автокөлікті басып қалды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы автожолда болған. Оқыс оқиға салдарынан темір тұлпарлардың ішінде болған азаматтар түрлі деңгейде жарақат алып, шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді. Ақпарат келіп түсісімен оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен арнайы техникалары жедел жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, оқиға кезінде өңірде дауылды қатты жел соғып тұрған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар зардап шеккендердің нақты саны мен денсаулық жағдайын анықтап жатыр.