Түркістан
EN

Әлеуметтік нысандар мен өндірістік жобалар бақылауда

23
29.06.2026

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың іс-сапары Мақтаарал ауданында жалғасты. Онда балаларды сауықтыру лагері, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, тұрғын үй құрылысы мен арнайы экономикалық аймақта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысы зерделенді. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мекемелердің жай-күйі қаралып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.