Түркістан
EN

Жаңа экопарк ел игілігіне берілді

16
29.06.2026

Түркістанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жаңа экопарк пайдалануға берілді. Қарашық өзенінің бойында орналасқан 50 гектарлық аумақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында абаттандырылған. Демалыс аймағының ашылуымен қатар, мұнда елдің басты құжатын ұлықтауға және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті.