Түркістан
EN

Нұралхан Көшеров қаланы автобуспен аралады

17
29.06.2026

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаһарда жуырда іске қосылған экскурсиялық автобуспен шаһарды аралап, туристік инфрақұрылымның жай-күйімен танысты. Сапар барысында өңір басшысы тарихи-мәдени және туристік нысандарды қамтитын бағыттың мүмкіндіктерін көріп, туристерге ұсынылатын қызмет көрсету сапасына назар аударды. Сонымен қатар саяхатшыларға жоғары деңгейлі сервис көрсетіп, халыққа қолайлы баға қоюды тапсырды.