Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Түркістан облысының әкімі өңір журналистерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстады. Салтанатты жиында Президенттің, министрліктің, облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары берілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының журналистерді тұрғын үймен қамту жөніндегі бастамасы аясында «Хабар 24» телеарнасының телеоператоры Ерболат Әбішовке жаңа пәтердің кілті табысталды.