SMART POINT цифрлық кеңсесі ашылды

22
2026-06-26

Түркістандағы халыққа қызмет көрсету орталығында Smart Point цифрлық кеңсесі ашылды. Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылығы мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков қатысты. Бұл жүйе– азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы және жедел алуға мүмкіндік береді. Кеңсе арнайы үш аймаққа бөлінген. Тұрғындарға қызметтерді онлайн алуға көмектесіп, бағдар беретін мамандар да жасақталған. Жалпы жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, өзіне-өзі қызмет көрсету мәдениетін дамытуға бағытталған.