Тұрғындарға тегін медициналық және құқықтық кеңестер берілді

22
2026-06-26

Түркістан өңірінде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осыған орай, облыс орталығындағы қалалық емханада «Денсаулық  сақтау саласындағы ашық диалог және мамандар кеңесі» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шараға 100-ге тарта тұрғын білікті дәрігерлердің қарауынан өтіп, медициналық қызметті алу тәртібі бойынша кеңінен ақпарат алды. Сондай-ақ, азаматтардың қажеттіліктеріне қарай қосымша зертханалық және диагностикалық тексерулерге жолдамалар берілді. Бұған дейін наурыз айында алғаш рет ұйымдастырылған алғашқы кездесу халық тарапынан оң бағаланып, игі бастама тағы бір мәрте жалғасын тауып отыр.