Қолжетімділік картасы тағы бір маңызды бөліммен толықты. Енді мүгедектігі бар азаматтар Inva.gov.kz ақпараттық порталы арқылы еліміздегі шипажайлардағы бос орындар санын алдын ала біле алады. Сондай-ақ, жолдамаға өтініш бергендер мен кезекте тұрған азаматтар туралы мәліметпен танысып, өз пікірін қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Жүйедегі жаңашылдықпен танысып қайтқан арнамыздың тілшісі тарқатып айтып берсін.