Түркістан
EN

Қарбыз арасында жасырылған есірткі плантациясы анықталды

55
26.06.2026

Шымкент тұрғыны өз ауласын заңсыз есірткі өсіретін орынға айналдырған. Полицейлер жүргізген тінту кезінде қарбыз егілген алқаптың арасына жасырылған құрамында есірткісі бар шамамен 130 түп өсімдік анықталды. Сондай-ақ қора-жайдан 330 келіден астам заңсыз шикізатпен оны сатуға дайындалған өнім тәркіленген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында есірткіні өткізу арналары мен қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.