Түркістанның туристік әлеуеті жылдан-жылға артып келеді. Киелі өңір бүгінде халықаралық деңгейдегі тартымды туристік орталыққа айналып, келушілер саны көбейген. Биылғы бес айдың өзінде облысқа 143 мыңнан астам саяхатшы табан тіреген. Оның 32 мыңға жуығы – шетелдік туристер. Өңірдегі туризм саласының дамуы мен алдағы жоспарлар облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды.