Қазақстан мен Алжир су ресурстары саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың екі жылдық жол картасын әзірлемек. Су шаруашылығын басқаруды цифрландыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және жерасты су қорларын бірлесе игеру бойынша қос мемлекет арнайы жұмыс тобын құруға келісті. Астанада өткен ресми кездесуде тараптар климаттық өзгерістер жағдайындағы ортақ сын-қатерлермен күресу және ғылыми пилоттық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Шетелдік делегация Қазақстанның су саласын цифрландыру және заманауи мониторинг жүйелерін енгізу бойынша жинақтаған тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, тараптар өнеркәсіптік суды пайдалану, суды тұщыту, жерасты су қорларын тиімді игеру бағыттарында маман алмасу мен екі елдің ғылыми ұйымдарының бірлескен зерттеулерін көздейтін пилоттық жобаларды бастауды ұсынды.