Түркістан
EN

Бюджет саясатындағы мәселелер көтерілді

4
26.06.2026

Республикалық бюджет қаржысы Парламенттің рұқсатынсыз-ақ бөлініп келген. Жоғары аудиторлық палата ел қазынасын жоспарлау мен игеру барысындағы жүйелі мәселелерді атады.  Ведомство дерегінше, қолданыстағы заңдық тәртіп мемлекеттік органдарға депутаттардың мақұлдауынсыз-ақ бюджет параметрлерін өз бетінше өзгертуге мүмкіндік беріп отыр. Кей жағдайда жекелеген бағдарламалар бойынша қаржыны қайта бөлу көлемі 90 пайызға дейін жеткен. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бюджеттік өзгерістердің нақты шегін заңмен бекітіп, оларды Парламент бақылауына алуды ұсынып отыр.