Президент БАҚ саласының үздіктерін марапаттады

8
2026-06-25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында президент журналистердің қоғам өміріндегі айрықша рөлін атап өтіп, олардың елдегі маңызды өзгерістерді халыққа жеткізудегі еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биыл тұңғыш рет облыстарда еңбек ететін өңірлік журналистерге де пәтер кілттері табысталатынын сүйіншіледі.