Аутизм... Бір кездері жат болған дерт ата-ананы дағдартып, қоғамды әуреге салып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде әрбір жүзінші сәби осы диагнозбен өмірге келеді. Біздің елдегі ахуал да көңіл көншітпейді. Ресми есепте 21 мың бала тұр. Өкініштісі сол, соңғы бес жылда көрсеткіш бес есеге артқан.