Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Сауран ауданындағы бірқатар білім ошақтарының жұмысымен танысты. Сапар аясында №23 кәсіптік колледждің жұмысы тексерілді. Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы мен техникалық бағыттар бойынша 7 мамандық негізінде 366 студент білім алуда. Алайда, оқу орнындағы басты мәселе – түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің тым төмендігі. Нысанды аралаған облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев бұл олқылықтың орнын толтырып, жастарды нақты жұмыс орындарымен қамту тетіктерін шұғыл қарастыруды тапсырды.