Түркістан
EN

Шахматтан республикалық турнир өтті

82
25.06.2026

Созақ ауданының құрметті азаматы Рахым Балабиевтің жүлдесі үшін жылдам шахматтан республикалық турнир өтті. Зияткерлік додаға Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан 150-ге жуық шахматшы жиналды. Жасөспірімдер мен жаттықтырушылар жекелей және командалық сайыста бақ сынады. Тартысты өткен турнирде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды. Жарыс жас шахматшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.