Жыл басынан бері еліміздің қаржылық мониторинг агенттігі жанар-жағармайды ел аумағынан заңсыз шығаруға талпынған 712 оқиғаның жолын кесті. Контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оның ішінде Маңғыстау облысында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын мұнай зауыты әшкереленді. Онда 28 мың тоннадан астам мұнай өңделген. Сондай-ақ Түркістан облысында шекара астынан арнайы қазылған тоннель табылды. Оның иелері көрші өзбек еліне бензин тасымалдаған. Қылмыстық топ серкелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.