Сауранда кәсіптің сан түрі дамып келеді. Бүгінде ауданда 350-ден астам өндіріс орны жұмыс істеп тұр. Экономикалық әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан өңірге биылғы бес айдың өзінде 16 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар, 100-ден астам ірі жобаны іске асыру көзделген. Қазір бізбен тікелей байланысқа Шаға өндірістік алаңында жүрген әріптесім Бекболат Тілеуберген шығуға дайын. Бекболат, ауданда қандай өндіріс бағыттары қарқынды дамып жатыр және алдағы жоспарлар қандай?