Түркістанда Ұлттық спорт түрлерінен БАҚ өкілдері арасында жарыс өтті. «Достық үйінде» өткен сайыста қатысушылар асық ату мен тоғызқұмалақтан сынға түсіп, мергендік пен логикалық ойлау қабілеттерін байқатты. Ұлттық мұраны дәріптеуге бағытталған шара ақпарат саласы өкілдерінің ынтымағы мен достығын нығайтуды көздеді. Тартысқа толы өткен жарыс қорытындысында үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен келісімді де бекемдей түсетінін айтады.