Түркістанда облыстық мәслихаттың кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 27 өзекті мәселе қаралды. Оған аймақ басшысы Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары мен басқарма басшылары қатысты. Алқалы жиында жергілікті өзін-өзі басқару, бюджеттік жоспарлау мен кәсіпкерлік салаларындағы түйткілдер талқыланды.