Еліміздің басты мұнай-газ ошағы саналатын Қарашығанақ кен орны бүгінде халықаралық консорциум аясында табысты жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысына барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарында болды. Алдымен Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының барысы таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан жобаның бүгінде 95 пайызы аяқталған. Жаңартылған вокзалда заманауи күту залдары, ақпараттық жүйелер, эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс сапасына ерекше мән беріп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.