Шымкенттегі Асанбай Асқаров көшесіндегі 43 жатақхана тұрғындары 1,5 жылдан бері шатыр ауыстырған мердігер компаниямен соттасып жүр. Сөздерінше құны 20 млн теңге тұратын жұмыста сапа деген атымен жоқ. Қала берді мұржа жасауды да ұмытып кеткен. 100 пәтерлі жатақхана тұрғындары 10 жыл бұрын әкімдікке шатыр емес үй жөндеуге арыз жазған екен. Содан бері кезек күтіп келген ел, төбені ауыстыруға да көндік дейді. Бірақ, басқарма жауаптылары оның өзін қатырмағанын өздері де мойындап отыр. Жарытпаған жұмысты мердігерлер бір айдың ішінде қайта қалпына келтіреміз дейді. Ал, кілең аз қамтылған отбасы тұратын баспананың өзі жазда жөнделуі мүмкін. Жалпы бұл жөндеу жұмыстарының құнын тұрғындар 15 жыл бойы төлейді.