50 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

11
2026-06-24

Түркістан облысында барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектар. Оның 40 мың гектары осы кезге дейін мақсатсыз пайдаланылған. Осылай деген, облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларды сынға алды. Игерілмеген аумақтар  бойынша сараптама жасап, оның нәтижесіне байланысты ұсыныстарды әзірлеуге 1 апта мерзім берді. 

 Ал өңірде 87 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалардың иелігінде 4527 мың гектар жер  бар. Алайда, елді мекендерде 531 мың гектар қоғамдық жайылым тапшылығы анықталған. Жиын барысында, агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелер қаралды. Сондай ақ, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестігін нақтылау бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.