Мемлекет басшысының реформалары туралы жаңа кітап көпшілікке таныстырылды

9
2026-06-24

Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы мен «Талдау мектебі» жобасы аясында әзірленген аналитикалық баяндамалар жинағы таныстырылды. Еңбектерде ұлттық мүдденің негізгі бағыттары қамтылып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған реформалардың мазмұны мен маңызы кеңінен талданған. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың тиімділігі сапалы деректерге, терең талдау мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға тікелей байланысты. Сондай-ақ ол жаңа басқару парадигмасын қалыптастыру үшін білікті сарапшылар буынын даярлау маңызды екенін атап өтті