Әскерде қызмет етіп жүрген сарбаздар енді азық-түлікке онлайн тапсырыс бере алады. Оларға арналып, «Военмарт» сервисі пилоттық режимде іске қосылды. Жаңа жобаның арқасында сарбаздар арнайы терминалдар мен планшеттердің көмегімен азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды тікелей әскери бөлімге алдыра алады. Мәзірде дайын ас түрлері, жаңа піскен бәліштер мен жастар сүйіп жейтін фастфуд тағамдары да енгізілген. Ең бастысы – жеткізу қызметі тегін. Қазіргі уақытта сервис Алматы облысы мен Астана қаласындағы бірқатар әскери бөлімдерде, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде сынақтан өткізілуде. Оның нәтижесін қадағалау кезінде мамандар қауіпсіздік пен тиімділігіне баса мән бермек.