Түркістан
EN

Құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

44
24.06.2026

 Сарыағаш ауданында жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған 4 шенеунік қызметінен босатылды.  Бұл туралы аудандық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Қызметкерлердің  бейәдеп әрекеттері  мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен тәртіпті сақтауға байланысты жүргізілетін  арнайы талдау кезінде әшкере болған.   Аудандық прокуратура оларды қызметтік әдеп талаптарын бұзды және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтірді деп айыптады.