Мемлекет қаржысын қалтаға басып, құрылыс сапасын қағаз жүзінде ғана «бақылағандардың» ісі әшкереленді! Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Восток Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Анықталғандай, бұл компания Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарындағы 7 бірдей әлеуметтік нысанның құрылысын қағаз жүзінде ғана «бақылап» келген. Яғни, нақты орындалмаған жұмыстарды орындалды деп жалған актілерге қол қойып, миллиондаған қаржыны заңсыз иемденген.