Түркістан
EN

Жалған дәрі өндірген цехтар жойылды

31
24.06.2026

Адам денсаулығына аса қауіпті жалған дәрі-дәрмек шығарып, оны заңды дәріханалар желісі арқылы сатып келген трансұлттық қылмыстық топ ұсталды Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында бірлескен ауқымды арнайы операция жүргізді. Күдіктілер құрамында психотроптық заттары бар күшті дәрілерді антисанитарлық жағдайда, жасырын цехтарда қолдан жасап келген. Тіпті, осы заңсыз әрекетке көз жұмып, қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар да қолға түсті. Олардың үстінен қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша іс қозғалды. Тәртіп сақшылары жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде  топтың мемлекетке 800 миллион теңгеден астам шығын келтіргені расталды. Қазіргі таңда қылмыстық әрекетті ұйымдастырған басты күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.