Түркістан
EN

Экотуризм бағытында жаңа жоба басталды

16
24.06.2026

Қаратаудың баурайында қойнауы көрем,  шежіресі аңызбен өрілген  мекен бар. Бұл – Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылы. Тұмса табиғатты ерек аймақта  бүгінде жаңа туристік жоба жүзеге асуда. Мұндағы капсулалық үйлерден тұратын демалыс аймағы экотуризмді дамытуға тың серпін бермек. Жаңа жобамен тілшіміз Бекболат Тілеуберген  танысып қайтты.

Жалпы аумағы 2 гектарды болатын нысан табиғатқа етене еніп демалуды қалайтын туристерге арналған. Кешен аумағын тау жотасынан аққан өзен арнасы кесіп өтеді.  Капсулалы үйлерден бөлек,  ағысы бар жасанды бассейн, монша және серуендеу орындары жасақталған. Жоба жетекшісінің айтуынша, құрылыс жұмыстары екі апта көлемінде толық аяқталады.

Қазіргі таңда нысанда абаттандыру, жол төсеу және инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың басы-қасында жүрген мамандар мұндай форматтағы үйлердің өңірде алғаш рет салынып жатқанын айтады. Олардың сөзінше, капсулалы демалыс орындары туристерге ерекше әсер сыйлап, табиғатпен үндестікте тынығуға мүмкіндік береді.

 Өткен аптада өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев та табиғи аумақтардың туристік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтіп, құжаттандыру және іске асыру мерзімдерін жеделдету мәселесіне де тоқталған еді.   

 Сырт көзге шағын көрінгенімен, капсулалы үйлердің іші толықтай жайлы демалысқа бейімделген. Мұнда жатын орын, санитарлық торап, жарықтандыру мен ауа баптау жүйесі қарастырылған. Ал панорамалық терезелер арқылы демалушылар тау мен табиғат көрінісін тамашалай алады. Үйлердің сыртқы келбеті де қоршаған ортамен үйлесім тапқан. Сондықтан бұл жерге келген туристер әрі жайлы жағдайда тынығып, әрі табиғат аясында ерекше әсер ала алады.