Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 29 шағын өндірістік паркте 98 жоба іске асуда. Тағы 275 өнеркәсіптік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы өңірдегі осындай инвестициялық бастамалардың жүзеге асу барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Бүгінде Шаға өндірістік паркінде жиһаз өндірісі, сэндвич-панель және металл бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастаған. Сауран ауданында да жиһаз, құрылыс материалдары мен металл өңдейтын өндірістер іске қосылып, жаңа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өзге аудандардағы өндірістік парктердің құрылысы қарқын алып, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.