Газды жылыжайына рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотталды

10
2026-06-23

Түркістан облысында тұрғындардың газдан улану жағдайы жиілеген. Мәселен, 2024 жылы осындай 110 жәйт болып, 245 адам зардап шеккен. Ал өткен жылы бұл жағдай 112-ге жетіп, 17 адам улы газдан қайтыс болды. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас аудандарында тіркелген. Биылдың өзінде 12 адам көгілдір отынның кесірінен көз жұмды. Оқиғалардың негізгі себептері газ құрылғыларын заңсыз орнату және мұржаны өз қалауына қарай  алып тастау. Сондай ақ, ирандық үлгідегі пешті қолдану да қауіп төндіреді. Жауаптылар, жиын барысында 3 жыл бұрын газ құбырын жылыжайына заңсыз тартып алған тұрғынға қатысты мәлімдеме жасады.