Түркістан
EN

Елімізде су тапшылығы болуы мүмкін

189
22.04.2022

Елімізде су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев дабыл қақты. Оның айтуынша, су ресурстарының көлемі алдағы 8 жылда 90 текше шақырымнан 76-ға төмендейді. Сенатордың сөзінше, еліміз су ресурстарын басқарып отырған жоқ. Әлі күнге дейін тіршілік нәрінің қоры туралы нақты есеп те жоқ. Депутат су қорын ұтымды пайдалану мақсатында шетелден тәжірибе алуды ұсынды.