Мемлекеттік қызметкер тек кресло мен жылы кабинет емес. Бұл таң боздан түн батқанға дейін созылатын, өз отбасыңнан гөрі өзгенің мәселесін биік қоятын, жүйке мен жауапкершіліктің сыналар тұсы. Түркістанның республика бойынша көш бастап, бірінші орынға шығуы осы үнсіз майданның шебінде жүрген мамандардың төккен маңдай терінің жемісі. Бүгін шахарда дәл осы қарапайым халықтың алғысын арқалап, елдің жүгін сүйреп жүрген жандардың еңбегі еленіп құрмет көрсетілді.