Бұхар бұғысы көбейіп келеді

10
2026-06-23

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген Бұхар бұғысының саны жыл санап артып келеді. Сирек кездесетін жануарларды сақтап, көбейту мақсатында қолға алынған жұмыстардың бүгінде нәтижесі көріне бастады. Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірге жеткізілген сегіз  Бұхар бұғысы көбейіп, бүгінде саны жүзге  жуықтаған. Қазір мамандар оларға  күтім жасап, табиғи ортаға бейімдеу жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.