Сауран ауданында жастарды спортқа баулып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ерекше турнир өтті. «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» атты облыстық жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен келген жүзге жуық жас спортшы қатысты. Кермеде тартылу, брусья және серпіліс жаттығулары бойынша сынға түскен жастар өзара мықтыны анықтады.