Түркістан
EN

«Айбын» әскери жиынының жалауы көтерілді

31
23.06.2026

Ақмола облысында жас патриоттарды бір мақсатқа тоғыстырған «Айбын» халықаралық әскери жиыны  бастаЛды. Биыл он екінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға бес мемлекеттен келген мыңға жуық жас қатысуда. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның намысын қорғайтын командалар бірнеше күн бойы әскери-қолданбалы спорт, зияткерлік сайыстар мен заманауи технологиялар бойынша сайысқа түседі.