Брюссельге ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Сонымен қатар Президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді. Мемлекет басшысы еліміздің жаңа Ата заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.