Түркістанда халықаралық дәрежедегі аспаз еңбек етеді

9
2026-06-22

 Түркістандық Бақтияр Шарипов аспаздық өнерімен әлемі тәнті етіп келеді. Ширек ғасырдан бері сан алуан ас мәзірін әзірлеп көптің ықыласына бөленген  ол   кәсібін Атырау қаласында бастап, Францияның үздік мейрамханасында жалғастырған. Ерекше тағам мен авторлық мәзірдің иесі жайлы келесі материалда. 

Бақтияр "анам ас әзірлегенде үнемі жанында жүретін едім. Оның айырықша ықыласпен  дайындаған әрбір дәмі есімде. Тіпті осы кәсіпте  шыңдалуыма да  септігі тиді,-дейді. Бала кезде қызығушылықтан басталған іс бүгінде оны халықаралық дәрежеде танымал етіп келеді.  

БАҚТИЯР ШАРИПОВ – БАС АСПАЗ 

 Мен ол жақта атақты француз шеф-поварларының еуропалық және класикалық француз асханасының қыр-сырын үйрендім. Олар басты басымдықты тұздыққа мән береді. Және тағамды дұрыс ұсынып, безендіруі, дұрыс кесуі де маңызды рөл атқарады. Еуропада саннан сапа маңызды. Мен онда өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдадым десем болады. 

Аспаздық оқуын бітірген соң Бақтияр  Алматы қаласындағы дәмхананың біріне наубайшы кондитер болып жұмысқа тұрады. Онда мейрамхана ісінің  қыр-сырын меңгеріп, Атырау қаласына шақырту алады. Бүгінде Түркістандағы танымал тамақтану орнында бас аспаз. Бақтияр теңіз өнімдерінен жасалынатын тағамдарды ерекше ықыласпен әзірлейді.  

НҰРХАН СӘРСЕМБАЕВ – МЕЙРАМХАНА ИЕСІ

 Өзінің сүйікті жақсы істейтін балық өнімдері. Өте жақсы. Мықты деңгейд ұсынады. сол үшін бұл кісінің бүкіл бағыттағы тағамдарын жақсы деп атап өтсек болады.  қазіргі таңда осы шеф повардың арқасында көптеген Қазақстанның шет шетінен поварлар бізге жұмысқа келуде.  Яғни, біздің мейрамхана поварларды іздеп жатқан жоқ. Осы шеф поварлардың арқасында поварлар келуде. 

 Бүгінде бас аспаз халықаралық және аймақтық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Мәселен, Ресейдің Chefs Team Russia қауымдастығының президенті. Сондай ақ, Франция, Түркия академиясы аспаздар қауымдастығының Түркістандағы сенімді өкілі.