Түркістан
EN

Павлодарда мектеп өртеніп, мұғалім зардап шекті

140
22.04.2022

Павлодарда тағы бір мектепте өрт шықты. Тілсіз жау оқушылар білім ордасына келіп, сабақ басталар кезде тұтанған. Лезде лаулап, түтін жайыла бастасымен-ақ оқушылар мен мұғалімдер, барлығы 576 адам сыртқа шығарылды. Оқыс оқиғадан 1975 жылғы мұғалім зардап шекті. Ол газ исінен уланып қалған. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының хабаралуынша, оның жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта азаматша бірінші қалалық аурухананың терапия бөліміне жатқызылды. Жалпы өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын ғана Павлодардың тағы бір мектебінен өрт шыққан еді. Жалын салдарынан 5 оқушы зардап шегіп, үшеуі ауруханаға жатқызылған болатын. Ал аталған оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пікір білдірді. Ол Павлодардағы өрттен кейін барлық білім ошақтарын тексеретінін жеткізді. Зардап шеккен мұғалімге психологиялық көмек көрсетіледі деген министр оқушылардың сабағы қалай жалғасатынын айтып берді.