Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан демалуға шыққан 22 адам жолда қалып қойды. Оқиға Түркістан облысының Төле би ауданында болған. Демалыс уақытын жаймашуақ табиғат аясына арнаған бірнеше отбасы, кері қайтар жолда нөсер жауынға тап болған. Салдарынан Қайнар ауылынан 20 шақырым жерде Жылық ата сарқырамасының маңындағы топырақ жол лайсаңға айналып, бірнеше жеңіл автокөлік қозғалысын жалғастыра алмаған. Қолайсыз ауа райы туралы хабарлама түскен бойда құтқарушылар арнайы техникамен оқиға орнына жедел жетіп, оларды эвакуациялап үлгерді. Соның арқасында ешкім зардап шекпеді және ешбіріне медициналық көмек қажет болмаған. Мамандар азаматтарды табиғатқа шығар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жол бағытын алдын ала жоспарлауға және жолдардың жағдайын нақтылап алуды ескертті .