Ақмола облысында вейптер, хош иістендіргіштерді заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Өнімдер әлеуметтік желілер арқылы саудаланған. Ал, тұтынушыларға курьер арқылы жеткізген. Ұйымдасқан топ заңсыз саудадан 221 млн теңгеден аса пайда көрген. Қылмыскерлер ақшаны қабылдап, қолма-қол қаржыға айналдыру үшін дропперлер қызметіне жүгінген. Ұйымдастырушы қамауға алынып, тергеп-тексеру жалғасуда. Айта кету керек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 істің сотқа дейінгі тергеп-тексеруін бастаған. Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленді.