Жанармай бекетінде өрттен 3 адам қаза тапты. Оқыс оқиға Ақтөбе қаласында болған. Жалынды ауыздықтауға 10-нан астам техника мен 50-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Қайғылы оқиғадан кейін автогаз құю станциясының иесі ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 281-бабы бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нақты себебі, сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.