Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиееваны қабылдады. Қазақстан Президенті қос елдің саяси жүйесінде Президент әкімшіліктері айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ көрші мемлекеттердің байланысы жақсарған сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық та нығая түседі деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Өзбекстан басшысы Шавкат Миромонұлына жылы лебізін жолдады. Ал, Саида Шавкатқызы Қазақстан мен Өзбекстан бірлесе отырып, Орталық Азия үнін жаһандық аренаға жеткізе алатынын айтты. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестігін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанда қолға алынған жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде пікір алмасу өтті.