Оқушылардың жеке деректері тарап кетті. Ақмола облысының прокуратурасы 165 оқушының мәліметтерін қамтыған құжаттардың көпшілікке жария болғанын анықтаған. Білім алушылардың тегі, оқу орны және әлеуметтік мәртебесіне қатысты деректер болған. Кәмелетке толмағандар туралы барлық ақпарат қолжетімді болған және әрі қарай таралу қаупі жоғары еді. Жіті қадағалау арқылы заңбұзушылықтар жойылды. Жасөспірімдер туралы жеке мәліметтер ашық дерек көздерінен алынып тасталды, ал кейбір лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.