Су шаруашылығы инспекторлары Шардарада 2 браконьерді ұстады. Қазір балық аулауға қатаң тыйым салынғанына қарамай Олар түнделетіп су қоймасына ау салған. Ал дәл қазі балықтардың уылдырық шашатын кезі. Қаскөйлерді құрықтамаса табиғатқа орасан залал келеді дейді сақшылар. Инспекторлар балық аулаушылардың аты-жөні мен ЖСН нөмерін сұрап еді қарсыласты. Алайда табиғат сақшылары жеке басын анықтау үшін, аймақтағы полиция бөлімшесіне барды. Оған тиісті шаралар қолданып, хаттама толтырып, ісі сотқа жолданды. Еске салайық аталған науқан Шардара су қоймасы бойынша 1 сәуірден бастап 20 мамырға дейін жалғасады.